«ПАРАСАТТЫЛЫҚ МИССИОНЕРЛЕРІ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ КЕЛДІ»
2019 жылдың 08 қарашада күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Орал қалалық полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Іс-шараға Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының аға офицері Н. Ихсангалиев, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А. Салиева қатысты.
Шара кезінде А.Салиева «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Өз кезегінде Н. Ихсанғалиев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстың маңыздылығы туралы айтты.
Іс-шара соңында Н. Ихсанғалиев барлық қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге шақырды.
