«ПАРАСАТТЫЛЫҚ МИССИОНЕРЛЕРІ ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ МЕКЕМЕГЕ КЕЛДІ»
2019 жылдың 12 қараша күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшесі Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД РУ 170/1 мекемесінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Іс-шараға Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының аға офицері Н. Ихсанғалиев қатысты.
Ерекшелікті, тұйықтылықты, сондай-ақ жұмыс істеудің ерекше режимін ескере отырып, пенитенциарлық жүйелер сыбайлас жемқорлықты тарату үшін мінсіз жағдайлар жасайды.
Осыған байланысты іс - шараның мақсаты-пенитенциарлық жүйедегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Кездесу барысында Н. Ихсанғалиев қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстың маңыздылығы туралы түсіндірді. Кездесу барысында арнайы дайындалған бейне роликтер көрсетіліп, қатысушылар оны сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барысында таптырмайтын үлгі ретінде қабылдады.
Іс-шара соңында Н. Ихсанғалиев барлық қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге шақырды.
