Yvision.kz
kk
Разное
399 774 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
07:44, 16 февраля 2021

«Парасат жолы» жобасы

2021 жылдың 11 ақпан күні AQJAIYQ телеарнасының «Адалдық алаңы» телебағдарламасының тікелей эфирінде «Парасат жолы» жобасы таныстырылды.

«Парасат жолы» жобасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігі бастамасымен бастау алды.

Жоба – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған.

Бұл жұмысқа ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік-тәрбиелік және волонтерлік жобаларға қатысатын кітапхана қызметкерлері, ғалымдар, жазушылар, ақындар, теологтар, дін өкілдері мен танымал тұлғаларды тарту көзделген.

Тікелей эфир барысында Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана маманы М.Т.Татенова жобаның маңыздылығын телекөрермендерге жеткізіп, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
276
0