«Папа, мама, я – спортивная семья»
«Папа, мама, я – спортивная семья»
Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың «Отбасым - тірегім» жас отбасы клубы жастар бастамаларын дамыту орталығының Жастар Арбаты іс-шарасы шеңберінде 2015 жылғы 16 тамызда Павлодар қаласының 9 отбасының қатысуымен спорттық мереке ұйымдастырды. Екі отбасы – Қабдыровтар және Жуковтар «Қазақстан алюминийі» АҚ намысын қорғады. № 79 балабақшасынан қатысқан Хайбулловтар отбасына қолдау көрсетуге бір топ жанкүйер келді. № 6, 9, 40 мектептері де өздерінің отбасылық командалары н қатыстырды.
Эстафеталарға «Самал» оңалту орталығынан Муравьевтар отбасы, «Үміт үзбеу» қоғамдық қорынан екі отбасы – Лозовойлар және Шишкиндер қатысты.
Бірінші кезеңді «LazerClub» ұйымдастырды, олар отбасылар үшін командалық жарыстар өткізді. Сайыстар кезінде жарыскерлер лазерлік автоматтардан атыстар ұйымдастырып, өз өмірлерін «қорғап», жеңістерге жетті. Жарыстың осы кезеңінде Хайбулловтар отбасы (№ 79 балабақша) және Муравьевтар командасы («Самал» орталығы) жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан шақыру билеттері табыс етілді.
Ойынға құлшынған командалар спорттық эстафеталарға көшті. Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейдің мұғалімдері Валиева А.Ф. және Оразбаев К.Р. бірінші топтың 6 командасымен төрт старт өткізді. Қорытындысы бойынша үш отбасы финалға шықты. Нәтижесінде жүлделі орындар келесі ретте бөлінді: 1 -орын – Тұрсынхановтар отбасы.
2 -орын – Әлімхан отбасы (№ 40 ЖОБМ).
3 -орын – Жуковтар отбасы(«Қазақстан алюминийі» АҚ).
Әр іс-шараның бір қызықты сәті болады ғой. Мысалы, «Самал» орталығының мұғалімі Аманжолов Бейбіт Муравьевтар отбасына қол ұшын берді, ол әкесінің орнына баланы иығына отырғызып алып, жарыстың барлық кезеңінен өтті. Бұл сәт ,әрине, жақсы көңіл күй және жарысқа деген құлшыныс сыйлады. Тағы да бір есте қаларлық жай: жарысқа қатысып отырған екі отбасының үш-үштен балалары бар, екеуі де - Тұрсынхановтар және Жуковтар жеңімпаздар қатарында! Мерекеде клоундар Анатасия мен Бом ойынға қатысушыларды ұдайы жігерлендіріп отырғандығы сонша, тіпті жеңілістердің де ізі қалған жоқ. Олармен бірге түскен суретте ең әсерлі болды. «НьюФейшн» хореография тобы және кіші топ «БебиТайм» өздерінің көңілді билерімен мерекені қыздырып жіберді. (Жетекшісі Баженова Ж.М.) Осылайша қыздар Лазер Тагта бір ойын ойнау құрметіне ие болды.
Көрермендер «Жасыл ел» жастар құрылыс жасақтарының «Ертіс жұлдыздары» үгіт тобының ҚХА 20 жылдығына арналған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Тұтас алғанда, мереке көңілден шықты! Ауа райы да, спорттық жарыстар өтіп жатқан павлодарлықтардың сүйікті орны - Орталық жағалау да осы күні жайлы болды.
Баршаларыңызға көтеріңкі көңіл, зор денсаулық және отбасылық сәттілік тілеген - «Отбасым - тірегім» жас отбасы клубы.
