ОТЫРАР: КЕЗЕКТЕН ТЫС XLІІ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
ОТЫРАР: КЕЗЕКТЕН ТЫС XLІІ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
«Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының кезектен тыс XLІІ конференциясы өтті. Конференцияға аудандық партия филиалының төрағасы Ә.Жүнісов төрағалық етті. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты. Күн тәртібіне сай конференцияда төрт мәселе қаралды. Олар: «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы; Облыстық мәслихатқа дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру туралы; «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихатқа ұсынылатын партиялық тізімді бекіту туралы; «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер талқыланды.
Конференция барысында облыстық мәслихатқа үміткер 4 кандидат арасында жария пікір сайыс өтіп, делегаттар өз таңдауын жасады. Партиялық кадрлық резервке 30 % әйелдер, 20 % жастар квотасы ескеріле отырып 26 үміткер алынды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясына делегаттар сайланды.
