Бүгін «Бақытты отбасы» партиялық бағдарламасы шеңберінде «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Отбасым менің бақытым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға аудандық партия филиалының бірінші орынбасары және көп балалы аналар қатысты.
Күн тәртібінде ата-ана міндетінің маңызы, бала психологиясы, отбасы құндылықтары туралы түсініктер мен ұғымдарды кеңейту мәселелері қаралды. Сонымен қатар аталмыш бағдарлама аясында баспанаға қолжетімділік жайлы да талқыланды. Қазір Шымкент қаласында үй кезегінде тұрған жандардың саны 10 мыңнан асып жығылады. Сондықтан, бəрін бірден несиелендіру мүмкін емес. Алайда мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.
«Бақытты отбасы» жобасы ең алғаш отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған болатын. Бүгінде жоба аясында бірқатар игілікті шаралар атқарылып, елдегі отбасы институтының берік қалануына өз үлесін қосып келеді.