ОТБАСЫЛЫҚ "ECO CHALLENGE"
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке, ауданның тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу мақсатында Шардара су қоймасының жағалауында арнайы ОТБАСЫЛЫҚ "ECO GHALLENGE" өткізілді.
Сенбілікке жастар мен жасөспірімдер ата-аналарымен біргелікте барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып қатысты.
Сондай-ақ, сенбілік жастардың назарын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағыттала отырып, челлендж аудандағы барлық білім беру мекемелері мен N16 колледжге жолданды.
