Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУ ТУРАЛЫ АРНАЙЫ АЙЫП ТҰРАҚТАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ

2019 жылы 5 қыркүйекте «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің бірінші орынбасары Н.И.Саметтің төрағалымен Орал қаласы аумағындағы арнайы айып тұрақтарының қызметтері бойынша отырыс өткізілді.

Отырыс жұмысына әкімшілік полиция басқармасының, Орал қаласы қаржы бөлімінің өкілдері және арнайы айып тұрақтары басшылары (ЖК «Байлауов» және «Батыс Қазақстан облысы Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» ҚБ) қатысты.

Кеңесте азаматтардан айып тұрағынан өзінің автокөліктерін алар кезде, әкімшілік тәжірбие бөлімшесінен алған рұқсат қағазынан бөлек қосымша құжаттардың көшірмелерін сұратуының заңдылығы мәселесі талқыланды. (автокөліктің техникалық паспортының, жеке куәлігінің, жеке жүргізуші куәлігінің, автокөлікті сақтандыру полисінің ж.т.б.)

Аталған талаптар жасанды әкімшілік кедергілер түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызып қана қоймай, сонымен қатар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР Заңының нормаларына қайшы келетіндігін ескере отырып, арнайы айып тұрақтарының иелері мұндай тәжірбиеден бас тартты.

Сонымен қатар, қалалық қаржы бөліміне қала аумағындағы арнайы айып тұрақтарының қызметін реттейтін тиісті құқықтық актіні әзірлеуге ұсыныс берілді.

cebooǸR"j�

0
0
248

Еще по теме

ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУ ТУРАЛЫ АРНАЙЫ АЙЫП ТҰРАҚТАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ - Yvision.kz