Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОСОБАДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Сенім білдірген өкілдер кездесу барысында кандидаттың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасының мазмұнын түсіндірді.

Әлеуметтік мәселелер мен ауыл шаруашылығына баса назар аударылып отырған бағдарламаны қособалықтар ризашылықпен қабылдады. Жиын барысында сенімді өкілдер жергілікті жұрттың ұсыныс-тілектері тыңдап, олармен өзекті мәселелердің шешу жолдарын талқыланды.

Жиналғандар кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер жайын айтып, өз ойларын ортаға салды. Тұрғындардың көбі білім беру, ауыл шаруашылығы тағы да басқа әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Кандидаттың сенімді өкілдері аманаттардың барлығын ескеріп, көтерілген ұсыныстар бойынша алдағы уақытта нәтижелі жұмыс атқарылатындығы айтылып, сайлаушыларды 19 наурызда дауыс беріп, қолдауға шақырды.

#Сайлау2023

0
0
135

Еще по теме

ҚОСОБАДАҒЫ КЕЗДЕСУ - Yvision.kz