Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Қош, Алматы! Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына шолу

2014 жыл Қазақстан үшін несімен есте қалды?! Әрине, осы жылдың ең ірі спорттық сайысы ауыр атлетикадан әлем чемпионатынан аттап өтуімізге болмайды. Қараша айының 4-16 күндері Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен чемпионат біздің құрама үшін өте сәтті өтті деуімізге негіз бар. Жарыстың соңғы 3 күнін біз үшін тосын сыйларға толы болды. Майя Манезаның салмағында өнер көрсеткен  қазақ қызы Жазира Жаппарқұл айдын аспанға шығарып, күміс жүлдеге ие болды. Жарыстың жетінші күнінде жерлестеріміз Владимир Седов пен Жасұлан Қыдырбаев жеңіс тұғырына көтеріліп, қазақтың мерейін аспандатты. Вроцлав қаласынан эстафетаны алған Алматы, жарысты өз деңгейінде өткізіп, кезекті Хьюстонге берді. Қош, Алматы!

Естен кетпес осы бір чемпионатқа қайта шолу жасасақ.


Журналистер үшін жарыстың әр күні қарбаласпен өтті. Әлемнің түкпір - түкпірінен келген баспасөз өкілдері назарларыңызда.


Жарыстың жетінші күнінде жерлесіміз Жазира Жаппарқұл жеңіс тұғырынан көрінді. "Қазақтан да чемпион шығу керек қой!" деген қайсар қыздың өнерін олимпиада ойындарында көреміз деп үміттенеміз!

Көптен күткен сәт. Әлемнің назары Қазақстанға ауды. Бұл күні жарысқа Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің үш дүркін чемпионы Илья Ильин шығады. Бұрын 94 келі салмақта өнер көрсеткен  жерлесіміз, жаңа салмақтағы бірінші ең ірі сайысы.

Руслан Нурудинов - Ильин үшін  ең қауіпті қарсыластардың бірі. Бұл чемпионатта да өзін жақсы қырынан танытып, өз рекордын жаңартты. Айта кету керек, Рустам Ильямен тең салмақ көтергенімен салмағының ауырлығымен күміс жүлдеге ие болды.

Мойындаймыз біз осындай мықты ұлды,

Ол қазақтың кім екенін ұқтырды.

Ильяның төбе шашы секілді

Бүкіл әлем аяғынан тік тұрды!!!

Тарихи сәт! Қазақтың батыр ұлы Илья Ильин Әлемнің төрт дүркін чемпионы. Тұғырда тұрып Илья өзінің қуанышын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлымен  бөлісіп жатыр. Міне, қуаныш! Енді батырымызды Бразилияда өтетін олимпиаданың тұғырынан көрейік. Сәттілік, Илья!

Көк тудың желбірегені, Жаныма қуат береді... Байрағымыз тек биікте болсын! Жеңісті күндерде жолыққанша!

0
0
635

Еще по теме

Қош, Алматы! Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына шолу - Yvision.kz