Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОС КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

14 сәуір күні аудан әкімшілігінің үлкен залында қос бірдей комиссияның отырысы өтті. Олар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» жөніндегі аудандық комиссия және «Құқық бұзушылық профилактикасы» жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстары. Екі отырыс та аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитованың төрағалығымен, ауылдық округ әкімдері (ZООM арқылы), дербес бөлім басшылары, аудандық аурухананың директоры, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры, жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімі және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» жөніндегі аудандық комиссия отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мәдениет мекемелерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеуі және орындалуы туралы» аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ернар Ғалымовтың, ««Ақжайық – адалдық алаңы» жобасын іске асыру бойынша 2020 жылы және 2021 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы» ауданымыздағы «Ақжайық – адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі Аңсар Ибраевтың баяндамалары және хаттамалық тапсырмалардың орындалуы жөнінде комиссия хатшысы Әсел Тәжібаеваның хабарламасы тыңдалып, бірқатар мәселелер талқыланды. Комиссия төрайымы Зәйлім Исатайқызы хатшының хабарламасына сәйкес тапсырмаларды орындамаған мекемелерді нақты атап көрсетуді, олай болмаған жағдайда ешқандай жұмыс жүйеленбейтіндігін баса айтты.

«Құқық бұзушылық профилактикасы» жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында «Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы», «Отбасылық – тұрмыстық қарым қатыныстар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу» мәселелері бойынша аудандық полиция бөлімінің басшысы Әзілхан Қайырхановтың, «Сотталғандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстары туралы. Бұрын сотталған тұлғалардың қайтадан қылмыс жасау деңгейі» жөнінде пробация қызметінің инспекторы, Әділет аға лейтенанты Жалғас Шыңтастың және хаттамалық тапсырмалардың орындалуы жөнінде комиссия хатшысы Әсел Тәжібаеваның хабарламасы тыңдалды. Бұл комиссия отырысындағы екінші мәселе бойынша баяндамашы Әзілхан Қайырхановқа АӘК алушы кейбір жалғызбасты аналардың күйеулерінен алимент ала алмай жүргендігі жөнінде сауал жолданып, жауап берілді.

Қос комиссия отырысында да баяндамашылардың жұмысы талқыланып, кейбір мәселелер хаттамаға енгізілді.

0
0
194

Еще по теме

ҚОС КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Yvision.kz