Қорытынды аттестаттау
Мектеп бітірушілер мен ата-аналар назарына!
Мектеп бітірушілердің барлығы дерлік Қорытынды аттестаттаудан өткізіледі. Бұл талап «Алтын белгі» иегері атануға үміткерлер үшін де қойылған. 1-ші ақпаннан емтихан қабылдайтын комиссия құрылды. Комиссия құрамына пән мұғалімдері, ата-аналар комитеттері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. 1-ші наурызға дейін комиссия қорытынды аттестаттауды тапсыратын түлектердің тізімін жасады.
Емтихан жұмыстарының материалдары 23-ші мамырға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен әзірленеді. Ал білім басқармалары емтихан материалдарын 27-ші мамырға дейін мектептерге жеткізеді.
Қорытынды аттестаттауға 4 негізгі және таңдау бойынша 1 пән енгізілген:
Ана тілі және әдебиет – эссе (жазбаша), уақыты – 3 сағат, түлектердің
таңдауына 10 тақырып ұсынылады: 5 әдеби және 5 еркін тақырып.
2. Алгебра және анализ бастамалары – жазбаша, уақыты – 5 сағат;
3. Қазақстан тарихы – ауызша үш сұрақтан 30 билет. Дайындыққа 20 минут беріледі.
4. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі - тестілеу, үш бөлімге бөлінген 40 сұрақ: лексика мен грамматика, тыңдалым, оқылым.
5. Таңдауы бойынша пән: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі – тестілеу, 40 тесттік тапсырма
Қорытынды аттестаттау 2017 жылды 29-шы мамыры мен 9-шы маусым аралығында өткізіледі.
