ОРТАЛЫҚ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗЕДСУ ӨТТІ.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық штабы мүшесі, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Аширов және Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, З.Досанбаева, С.Саипов, С.Тұрғараев, М.Нұран, М.Тайсалов 1000-ға жуық партия мүшелерінен тұратын «Орталық» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті.
Кездесуде партияның облыстық және аудандық сайлауалды бағдарламалары аясында атқарылатын жұмыстар туралы айтылды.
Сайлау қорытындысымен, осы партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттерді партия мүшелерімен бірлесе отырып жүзеге асыру қажет екендігін, партияның сайлауалды бағдарламасын тиімді түрде іске асыру арқылы, өңіріміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсарту мақсаты тұрғандығын жеткізді. Үміткерлер, әрбір партия мүшесін, осы сайлауда белсенділік танытуға, партияның иммиджімен бағдарламалық мақсаттарын халық арасында кеңінен таратуға үлес қосуға шақырды.
«Nur Otan» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады.
Біздің міндетіміз – Қазығұрт ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау екендігін әрбір партия мүшесі, әрқашанда жадында сақтап, елге қызмет етуде алдыңғы шепте жүру керектігін атап өтті.
Партия мүшелері тарапынан, белсенді азаматтар өздерінің ойларын ортаға салып, сайлау науқанында партияның жеңісі үшін, бар күш жігерін салатындықтарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
