ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА МӘДЕНИЕТІ ЕРЕКШЕЛІГІ
Орта ғасырлық кезең тамырын қайдан алады, алдымен соған тоқталайық. Тарихтан белгілі феодалдық орта ғасыр Батыс Рим империясының құлауымен 476 жылы тарихшылар жаңа кезең бастауын алады. Рим империясы құлады десек қате өйткені, астанасы Константинополь болған Шығыс Рим империясы әлі өз өмірін тоқтатқан жоқ. Сонымен Батыс Рим құлады, ғұндар мен германдық тайпалар өз дегенін қылды. Уақыт өтіп жатыр билік басына діни топ адамдары келе бастады оған бірден-бір мысал Римдік Папа. Орта ғасыр 476 жылдан XIV-ға дейін 1 мың жылды құрайды. Осыған қарай отырып діннің өзіндік билігі мықты болғанын көреміз. Бірақ бұл ғасырлар қараңғылық надандық заманы деп айтамыз. Мәдениет, ғылым, білім ұзаққа даму жолында кідірлеп қалды. Егерде орта ғасыр мен қайта өрлеу дәуірін қарайтын болсақ индустрияға бет алып тіпті 1 ғасыр ішінде үлкен ғылыми жетістіктерге жетіп отырды.
Орта ғасырды Гегель «мыңжылдық түн» деп атайды. Ғылымда мәдениетте үлкен дағдарыстар орын алды. Себебі дінді насихаттаушылар. Адамның болашақ туралы көп ойға батпауын насихаттайды. Құдай әр адамның болашағын алдын ала кім бақытты, кім кедей болатанын шешіп қойды деседі. Дінге қарсы шыққандарды өлім жазасына кесетін еді. Осындай бет алған XIII ғасыр инквизицияға толы болды.
Антика мен орта ғасырды салыстырар болсақ, антикадан демократиялық келбетте ойлауға еркіндік көп болды. Рационалды ой, логиканың керемет дамуы көптеген ашылуларға әкелді. Бірақ ортағасыр ондай еркіндікпен мақтана алмады. Сен дінмен біргесің немесе кәпірсің және өлімге лайықсың,бұл басты принцип болды.
Айта кеткендей дін соның ішінде құдай басты орында болды. Ол теоцентризм. Осыған сәйкес бұл заманның баст сұрақтары: дүниенің жаралуы, Құдайдың құдіреті, адам мен Құдай қатынасы, таным, сенім, күнә және одан айырылу жолдарын қарастыратын-ды.
Орта ғасырда түк болмады деп айтуға болмайды. Неге? Себебі, осы кезде де ақ мәдениет саласында өзіндік ұлы туындылар дүниеге келді. Олар: «Роланд туралы жыр», «Нибелунгтер туралы жыр», исланд жырлары және тағы да басқа Құдай дін бағытындағы жырлар. XIV ғасырдың басында Дантенің «Құдіретті комедиясы» да болды. Бірақ халықтың басым көпшілігі оқу мен жазуды білмеді сондықтан да ауыз әдебиет мықты дамыды.
Архитектураның да өз орны болды. Түрлі діни соборлар мен ғимараттар орта ғасырда салынса да әлі күнге дейін өз жұмысын жасап тұрғандары да бар. Олардың қатарында: Париж Ана Құдайдың соборы, Франциядағы Рим соборы, Венециядағы Әулие Марк соборы, Англиядағы Линкольн соборы . жаңа оқу орындары да болды: Италиядағы Болония, Париждегі Сорбонна, Англиядағы Оксфорд және Кембридж университеттері. Осы оқу орындарында шіркеу қызметкерлерімен бірге философтарды, дәрігерлерді, шешендерді, құқық мамандарын даярлады. Құқықта әсіресе Римдік құқық (РИМСКОЕ ПРАВО) зор беделді болды.
476 жылы Батыс Рим құлағанымен орнына германдық готтар орныққан еді. Солардың өзі де сол римдік құқыққа жүгінуге мәжбүр болды. Қазіргі уақытпен салыстыратын болсақ римдік құқық көптеген елдердің юристюреспруденциясында фундаментальды түрде орныққан. Римдік мәдениет гректің мәдениетпен өте тығыз бацланыста болған еді. Алғашқы римдік 12 таблицалық заңдық кестенің өзінде-ақ гректік мәдениеттің иісі шығып тұрды. Патшалық римнен кейін Римдік республикалық заман бастау аласымен сенаттың ұйғаруымен әлеуметтік құқық етек жая бастады. Ол жерде салық, әкімшілік жұмыс, сот жұмысы, консулдық заңдары шегеленді. Бірақ ол жерде де халық арасындағы жоғырғы элита патрициилер мен төменгі плибейлердің өз қайшылықтары да болды.
Теоцентризм бойынша басты орын Құдай болды. Осы кезеңде антикамен салыстыратын болсақ натурфилософтар дүниенің рационалды оймен түсіндірмек болса, орта ғасырда дүниедегі барлық құбылыстарды Құдай арқылы түсіндірмек болды. Құдайды кәдімгі адами сезіммен тануға мүмкін емес, оған тек сену қажет. Құдай материяны басқа заттарды жасауға құрал материал ретінде жаратқан. Материяның үстінде өсімдік,тер, жануарлар, минералдар орналасқан. Құдайға ұқсастар – адамдар мен періштелер. Дүние екі бөліктер тұрады. Ол – материалдық заттар дүниесі, о дүние – рух дүниесі. Уақытта екіге бөлінеді, кәдімгі уақыт және қасиетті уақыт. Таңертеңгі және кешкі уақыт қадірлі. Храмдар, монастырлар, шіркеулер орналасқан жерлер киелі деп есептеледі.
Дін ұстанушылардың өмірінде ықпал еткен прициптердің бірі сотериология болды. Ол дегеніміз күнә жасаған адамның күнәдан арылуы. Адам пенде болғандықтан қателеседі, күнәға батады. Күнәға батқан адамдар шіркеу қызметкерлерінің көмегіне мұхтаж болады. Күнәдан арылудың көптеген түрлері болды. 1508 жылы Папа Юлий II, алғаш рет күнәларды кешіретін булла шығарады, күнәлар орнына Қасиетті Петр базиликасын салдыру үшін қаражат жинайды. Кейін бұл істі келесі папа жалғастырады. 1517 жылдың 18 қазанында папа Лев X булланы күнәлардың босатылуы және индульгенциялардың сатылуы туралы булланы шығарады . Басты мақсаты Қаситетті Петрдің храмын салу және христиандың күнәларын кешірілуі. Иоганн Тецель – доминикандық инквизитор және монах. Танымалдылығын индульгенцияларды сата бастағанда, ала бастады. Қара халықтан көптеп ақша жинап индульгенцияларды сатты. Лейпциг және оның аудандарында индульгенцияны сатқан. Әр күнаға белгілі бір соммаға сатты.
7 алтынға – жәй адам өлімі
10 алтынға – ата-ана өлімі
9 алтынға – қасиетті жерді қорлау, қорлау, қорлау, жаралы араластыру, қорлау, өмір сүру ережелерін немесе христиандық әдет-ғұрыптарын құрметтемеу және т.б.
Осылай күнәларды кешіретін арнайы индульгенциялар пайда болды. Надан халық сол бір парақ қағазды ақшаға сатып алып өз күнәларын кешірілетіне сенген. Осының соңы Лютерандық ағымның пайда болуына әкеліп соқты.
Келесі принцип креационизм. Оның мәні – дүниедегі барлық процестердің, оқиғалардың, заттардың болуы, жаралуы Құдайдан деп есептеу. Құдай барлық затты жоқтан бар еткен. Бәріне де құдай себепші болған.
Құдай не болғанын және не болатынын біледі. Ол принцип провинденциализм деп аталады. Тікелей аудармасы алдын ала болжау.
Христиандық ортағасырлық философияның дамуын екі кезеңге бөлеміз: біріншісі патристика латынша «pater» әке деген мағынада 4-8 ғасырлар аралығын қамтиды. Екіншісі схоластика латынша «schalasticos» мектептік деген мағынада 9-14 ғасырлар аралығын қамтыған болатын.
Патристика – шіркеу аталарының ілімі. Шіркеу атасы атағын берген, ол адамнан мынандай қасиеттер ескерілген: 1)адал, таза өмір сүру; 2) көпті көрген даналығы; 3) ілімнің қасиетті жазбаларға қайшы келмеуі; 4) ілімнің Шіркеу тарапынан мойындалуы. Батыста аты шыққан төрт шіркеу атасы бар. Олар: әулие Амвросий, әулие Иероним, әулие Августин Аврелий, әулие ұлы Георгий – бірінші Рим папасы, Амвросий – Милан епископы, Иеороним – тәуратты латын тіліне аударған болатын.
Схоластика негізінен монастыр жанындағы мектептерде жүргізілді. Схоластар құрғақ теориялық пайымдауларға салынып, адамға, қоғамға, табиғатқа қатысы жоқ абстрактілерге көбірек көңіл бөлді. Одан талдау жұмыстарыннан реализм мен номинализм деп аталатын екі бағыт шықты.
Схоластиканың дамып жетілген кезі XIII ғасыр. Әйгілі схоластар: Альберт; Роджер Бэкон; Бонавентура; Фома Аквинский; Сигер Брабантский. Фома граф отбасында дүниеге келген. Жас кезінен оқу білімге көп мән берген. Неаполь, Париж университеттерінде білім алған. Негізінен аристотель еңбектеріне көп мән берген. Фома Аквинский көптеген еңбектер жазып қалдырған. Оларның ішінде: «Теология жинағын» және «Философия жинағын» бөліп айта кету керек. Шіркеу оны 1323 жылы әулиелердің қатарына қосты, ал 1567 жылы бесінші шіркеу атасы деп танылды. 1879 жылы болса католицизмнің ресми философиясы деп жарияланды.
Батыс еуропаның негізгі дүниетанымы мен мәдениеті орта ғасырларға аяқ басқалы діні тұрғыда азды-көпті дамыған болатын. Дін соның ішінде Құдай бірінші орынға келді. Қатаң догматикалық заңдарға еті үйренген халық надандыққа түсіп өз заманының дамуын тоқтатқан болатын. Бірақ ортағасырлық замандасы болған ислам мәдениеті мен әлемі сол заманда ондай надандыққа түспеді. Неге? Пайғамбардың хадистерінде : білім мен ғылымға жақындаған адам Құдайға да жақындайды. Кей сөздерінде «Қытайдан босла да білім алуға ұмтыл» - деген екен. Ал шіркеу болса білімді адамдардан сескенген еді. Бір құдайдан түскен екі дін, бірақ неге бұндай айырмашылық? Менің ойымша оның түб негізі көне римдік дәстүрде деп ойлаймын. Неге десек тағы да себебі, Джорж Фрезердің «АЛТЫН БҰТАҚ» еңбегінде абыздарды Республикалық Рим кезеңінде патшаға теңеген еді. Ия тарихта Римнің алғашқы тарих беттері пашалық кезеңнен басталады. Олар бәрімізге мәлім Ромулдың ұрпақтары еді. Пұтқа табынған Рим қоғамында діни рәсімдерді патша орындайтын еді. Ал б.з.б VI ғасырда Римнен қуылған патшалық династия жоқ еді. Сондықтан патша деген атақ сол абыздарға беріліп олардың беделдері өскен. Абыз, адамдардың надан болып оған сенуі жоғары болса сол адамдарды басқару оңай – деп жазылады. Бұдан менің пайымдауымша Еуропалық мәдениет тікелей Рим империясынан бастау алатындықтан бұл белгілер, яғни абыз елде жоғарғы мәртебелі адам саналғандықтан ол христиандық дінге де өзіндік типпен енген деп есептеймін. Абыз, адамдардың надан болып оған сенуі жоғары болса сол адамдарды басқару оңай. Әрине тарихта еуропалық монархтар Римдік пападан бодан, билігін өз қолында ұстағысы келді. Оған дәлел англикандық шіркеуді мысалға ала аламыз. Бірақ соңында қазіргі уақытта монархтардың қызыл кітапқа енгенін көріп отырмыз. Бұдан ой түйетінім, дін ешқашан адамның рухани материалды жағдайын шектемеуі қажет. Қатаң догматикаға сеніп, білім мен ғылымды бей-жай қалдырмау керек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2курс студенті Куан А.Е.
Жетекшісі: Кантарбаева Ж.У.
www.kaznu.kz
