Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОРКЕСТРЛЕР ШЕРУІ ҚАРСАҢЫНДА: БАҒЫТЫ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МӘН-ЖАЙЫ

Жаздың алғашқы күнінде Қазақстан қалаларында өтетін балалар ансамбльдерінің шеруіне шамамен 12 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр

1 маусым күні көптеген әлем елдері секілді Қазақстан да Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Осы мерекеге орай өтетін негізгі шаралардың бірі балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі болмақ. Бұдан бұрын жазғанымыздай,
https://yvision.kz/post/767124, біздің министрлік бүкіл ел көлемінде бір мезгілде – күндізгі сағат 11-де басталатын шерудің бастамашыларының бірі.

Астана, Алматы, республикалық маңызы бар облыс орталықтары мен қалалары Оркестрлер шеруін өткізуге дайын. Нақтырақ айтқанда, жергілікті билік сән-салтанатты шерудің өтетін бағдарын белгілеп қойды: https://goo.gl/GTUzji. Қатысушылар еш кедергісіз өтуі үшін орталық алаңдар мен көшелер жабылады.

Балалар мен олардың ұстаздары да шеруге дайын. Қыруар жұмыс атқарылды: әр оркестр ерекше мерекелік киім киюі керек, музыкалық шығармаларды жаттау қажет, әрбір қимылды пысықтап, қайталау керек. Сонымен қатар, шеруге мобильді платформалар мейлінше белсенді қатыстырылды, балалардың қолында музыкалық аспаптар ғана емес, түрлі рәміздер, мысалы, жалаулар, шарлар және басқа да заттар болады. Естеріңізге сала кетсек, шеруге барабаншылар, ішекті және үрмелі аспаптар оркестрлері, хор ұжымдары мен бишілер, чирлидерлар мен мажореткалар қатысады. Балалармен бірге педагогтар және оларға қолдау білдіргісі келген ата-аналар да жүріп өтеді.

Шеруге қатысуға 946 музыка ұжымынан өтініш келіп түскен, олардың дені – 725-і – домбырашылар ансамблі. Сондай-ақ, шеруге 100 ішекті және 30 үрмелі аспап ұжымы, 87 орыс халық аспаптары ансамблі, 4 барабаншылар отряды қатысады. Шеруге қатысатын балалардың жалпы саны - 80 мың. Ең көп қатысушы Алматы облысында болады, мұнда 4 мыңнан астам адам қатысады. Дегенмен, мұның барлығы жорамал ғана, музыкалық ұжымдар мен қатысушылар саны Шеру өтетін күні көбеюі де мүмкін.

Жаңалықтарды біліп отырғыңыз келсе, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарға жазылыңыздар. 1 маусым күні Оркетрлер шеруінде кездесейік!

Назарларыңызға Оркестрлер шеруі туралы толығырақ мәлімет беретін таныстырылымды ұсынамыз – https://goo.gl/Ms1tvm


0
0
452

Еще по теме

ОРКЕСТРЛЕР ШЕРУІ ҚАРСАҢЫНДА: БАҒЫТЫ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МӘН-ЖАЙЫ - Yvision.kz