ОРДАБАСЫДА ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ ЕКІНШІ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫЛДЫ.
әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасында ұсынылған 3 қағидатын насихаттау бойынша үгіт-насихат кезеңі басталғалы бері қызу жұмыстар атқарылуда. Желілік кестеге сәйкес аудан көлемінде 1 республика деңгейінде, 5 облыстық деңгейде және 46 аудандық деңгейде іс-шаралар өткізіліп, аудандағы 18 000 – нан аса сайлаушылар қамтылды.
Үгіт-насихат жұмыстары барысындағы кездесулерде тұрғындарға кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырумен қатар, елді мекендердегі өзекті мәселелер жайлы ұсыныс-пікірлері жинақталып тіркелуде. Еріктілер командасы ауданда рұқсат етілген орындар мен келісімі алынған кәсіпкерлік нысандарға арнайы ақпараттық насихат парақтарын ілу мен тарқату жұмыстарын белсенді жалғастыруда.
Сондай ақ, қоғамдық штабтың қабылдау бөлмесіне 63 өтініштер мен ұсыныстар тіркелді.
Өткізілген іс-шараларда 20-шы қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауының маңыздылығы жайлы, сондай-ақ ең алдымен экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер туралы бастама көтеріліп отырғаны, басты мақсат өткеннен сабақ алып, кеткен қателікті түзетіп, қордаланған мәселелерді шешуге атсалысып Қазақстанда әділеттілік орнатуға үлес қосудың маңыздылығы жайлы айтылып, аудан тұрғындарын сайлауға қатысып, өздерінің азаматтық позициясын білдіруге шақырды.
6-шы қарашадан бері «Есіктен-Есікке» акциясы бастау алып, аудан көшелері мен үй-жайларын аралап үн парақтар тарқатылуда.
#TOQAEV2022
