Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ БАДАМ АУЫЛ ОКРУГІ, АКБҰЛАҚ ЖӘНЕ ОРДАБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Ордабасы ауданы, Ақбұлақ ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Мұхтар Ашировтің шаңырағында болдық. Мұхтар Аширов Ақбұлақ ауылының құрметті де сыйлы азаматы. Мұхтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын толықтай түсінгендігін жеткізе отырып 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына сәттілік тіледі.Сонымен қатар Ордабасы ауылында Сексенбай ұлы Ережеп ауыл қариасының шаңырағында ауыл тұрғындарымен Канвасинг кездесуінде өткіздік.Аталған ауыл тұрғындарына "Nur Otan" партиясының жеткен жетістіктері мен алға қойған мақсаттарын айтып беріп және Сайлауалды бағдарламасындағы 7 басым бағыттарға жеке-жеке мағлұматтар бердік."Алдағы бес жылда тұрғындардың табысы артып, лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындары құрылады, кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі, тұрғындардың өмір сүру сапасы артады, таза ауыз сумен толықтай қамтылады, көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі, жолдардың сапасы жақсарады медициналық қызмет көрсету саласы мен қолжетімділік артады, осы бойынша тиімді жұмыстар жүргізіледі, білім сапасы артады, әрі тең мүмкіндіктер құрылады, бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасалынады, және де жастарға барынша қолдау көрсетілетіндіктері жайлы айтып өттік."Nur Otan" партиясының үгіт насихат үнқағаздарымен танысқан тұрғындар, сайлау күні белсенділік көрсететіндерін айтты.

0
0
203

Еще по теме

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ БАДАМ АУЫЛ ОКРУГІ, АКБҰЛАҚ ЖӘНЕ ОРДАБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz