«Ораза деген не?»
"Ораза - исламдағы 5 парыздың бірі. Шариғи мағынасы "бір нәрседен тыйылу", "жеп ішуден тыйылу", "жыныстық қатынастан тыйылу" және т.б. Оған қоса бұл тыйымдар оразаның шарты болып келеді. 5 уақыт намаз оқу - парыз болған секілді, ораза ұстау да парыз болып есептеледі." дейді, Құлмұхамет Махамбет ұстаз.
ОРАЗА ТУРАЛЫ ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ
Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?
Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Аллаһ тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені Жаратушы иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: – Аузың берік пе? – деп сұрағандарға, – Шынымды айтсам… ораза ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым да, – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым» деуге де аузы бармайтын.
Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: – Өзіңнің ауыз бекітіп, бетікпегеніңді білмейсің бе? – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен ол жай ғана күлімсірейтін…
✨✨✨ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР✨✨✨
🔥Вк (негізгі топ): http://vk.com/juregimde
🔥Вк (әйелдер форумы): http://vk.com/juregimde1
🔥Вк (ораза 2016): http://vk.com/juregimde_oraza
🔥Твиттер: http://twitter.com/juregimde
🔥Инстаграм: http://instagram.com/zhuregimde
Кілт сөздер
Арман қуанышбаев, дінислам, ислам, ислам діні, дін, Арман Куанышбаев, уағыз, сұхбат, Қуанышбаев, Алла, иман, хадис, сунна, пайғамбар, алғаш ораза, ораза, ораза туралы, ораза 2016, ораза кестеси, ораза кестесі 2016, ораза ауыз, ораза кестеси 2016, болады ма, рұқсат па, сұрақ жауап, уағыз, ауыз бекіту, ораза ұстау, ауыз бекіту уақыты, ораза айы, рамазан, рамадан
