Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОРАЛДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Беделді сайыстың жеңімпазы атанған 9-сынып оқушысы Айнамкөз Рафихова үстел ойындарының маңызын зерделей келе «Зерек» ойынын құрастырған. Үстел ойынының шарттары жеңіл, түрлі бонустарының қамтылуы да қатысушыны өзіне елітеді. Ойыншыға көмекке Желаяқ, Көлтауысар секілді ертегі кейіпкерлері де келеді. ⠀

–  Ойынның техникалық сипатына өнер пәні жауап берсе, ішкі мазмұны қазақ әдебиетінің еншісіне тиді. Үстел ойынының интеллектуалды пайдасымен қоса психологиялық тұрғыда оң әсерін байқадым, –  дейді ол.⠀

Ал осы мектептің 10-сынып оқушылары Азиза Ташимова мен Әнел Әкімнің ізденіс тақырыбына Күнбатыс Алашорда қайраткерлері –  Халел Досмұхамедов, Дәулетше Күсепқалиев, Мәжит Шомбалов, Ахмет Мәметов сынды қазақтан шыққан алғашқы жоғары білімді дәрігерлер арқау болды. Жас зерттеушілер алғашқы дәрігерлер мұраларының маңыздылығын талдап, олардың ұлт денсаулығын сақтаудағы рөліне баға берген. Оралдық қос зияткердің бұл ғылыми жобасы үздік үштікке кірді. Оқушылар қайраткерлердің өмір жолы туралы сайт та жасақтапты.⠀

0
0
159

Еще по теме

ОРАЛДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ - Yvision.kz