Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОРАЛДА ЖАҢА КАТЕРЛЕР СУҒА ТҮСІРІЛДІ

ОРАЛДА ЖАҢА КАТЕРЛЕР СУҒА ТҮСІРІЛДІ

Оралда «Махамбет батыр» және «Исатай батыр» шекара катерлері Шаған өзеніне түсірілді. Аталған катерлер «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-да «Қайсар» жобасы бойынша құрастырылған. Салтанатты рәсімге қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиевтің атап өткеніндей, «Зенит» зауыты 1993 жылдан бері кеме-катерлер шығарып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға қомақты үлесін қосып келеді. Катерлер теңіз шекарасын, Қазақстанның экономикалық мүддесін қорғауға, лаңкестік әрекеттердің, балықты заңсыз аулаудың және тауарлардың заңсыз тасымалының жолын кесуге арналған. «Зенит» зауыты – елімізде катерлер мен кемелерді шығаратын бірден-бір отандық кәсіпорын. Алдағы уақытта да оның келешегі жарқын болатынына сенемін», деді өңір басшысы.

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
202

Еще по теме

ОРАЛДА ЖАҢА КАТЕРЛЕР СУҒА ТҮСІРІЛДІ - Yvision.kz