Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА «ANTIKOR ORTALYGY» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

2019 жылдың 20 желтоқсан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сервистік «ANTIKOR ORTALYGY» ғимараты ашылды.

Сервистік орталығының таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасары Н.А.Шабдар мен Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаев, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам белсенділері, мәслихат депаутаттары, арнайы мониторингтік топ және қоғамдық кеңес мүшелері, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасының менеджерлері, облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында сервистік орталықтың ғимараты, арнайы консультациялы-кеңес беру бөлмелері, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің бөлмесі, баспасөз орталығы көрсетілді.

Өз кезегінде Агенттік Төрағасының орынбасары Н.А.Шабдар «Сервистік орталық мемлекет пен қоғам, жергілікті тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуға себеп болады» - деп атап өтті.

Сервистік орталықтың бірінші қабатында келушілерді қабылдайтын арнайы кабинеттер орналасқан. Азаматтарды жайлы күту үшін балаларға арналған ойнау алаңы, бейнероликтер көрсетілетін арнайы LED экрандармен жабдықталған. Ғимараттың екінші қабатында арнайы баспасөз орталығы, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» және «Protecting business and investments» жобалық кеңселері бар.

Бұл еліміз бойынша 7-ші ашылып жатырған қызмет көрсету орталығы болып табылады.

1
0
380

Еще по теме

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА «ANTIKOR ORTALYGY» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ - Yvision.kz