ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСУ
Бүгін, "Nur Otan" партиясы Бөрлі аудандық филиалында облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидат А. Агаев кәсіподақ ұйымының мүшелерімен онлайн кездесу жүргізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтарды атап өтіп, соның ішінде білім беру жағдайын жақсарту туралы айтты. Сонымен қатар 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсене қатысып, еліміздің жетекші “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.
