Онлайн встреча с руководителем отдела архитектуры , строительства Карабузауова М.Б.
"Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.А. Топоркова, , сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М. Б. Қарабұзауовтың тұрғын үй саласындағы проблемалық мәселелер бойынша онлайн кездесу өтті. Мердігер ұйым «НұрИнвестГрупп» ЖШС-не Егіндікөл ауылындағы 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мәселер туындауда. Аталған нысанды бастапқы тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың қараша айының үшінші онкүндігі болған. Алайда қазіргі уақытта жұмыстар мерзімдерден кешеуілдеп жүргізілуде. Оның басты себептерінің бірі карантинге байланысты, құрылыс материалдарын уақтылы жеткізбеуі. Сондай-ақ, жұмыс күшінің тапшылығы, сылақшы, сырлаушы, шатыршы тар бейіндегі мамандарды табу қиынға соғуда. Осыған қарамастан, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары белсенді түрде жалғасуда, жылумен, сумен жабдықтау және кәріздің ішкі желілерін төсеу, шатырды орнату жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін мердігер ұйым үй құрылысын аяқтап, нысанды пайдалануға беруге міндеттенеді. Ауданымыздың тұрғындары халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұрғын үйге кезегінде тұрғандар, сондай - ақ мемлекеттік қызметшілер көптен күткен тұрғын үйге ие болуын күтуде.Ауданның проблемалық мәселелері партия мүшелерінің тұрақты бақылауында.
******************************************
Состоялась онлайн встреча первого заместителя председателя районного филиала Партии «Nur Otan» Топорковой О.А. с руководителем отдела архитектуры , строительства Карабузауова М.Б. по проблемным вопросам в сфере ЖКХ. В районе имеется проблемный вопрос по строительству 16 –ти квартирного жилого дома в селе Егиндыколь. Генеральный подрядчик «НурИнвестГрупп». Первоначальный срок сдачи данного объекта был третья декада ноября текущего года. На данный момент работы ведутся с отставанием от сроков, по дополнительному соглашению с подрядчиками. Основной проблемой строительства была несвоевременная поставка строительных материалов, в связи с карантином. Так же имелась проблема по привлечению рабочей силы, специалистов узкого профиля штукатуров, маляров, кровельщиков. На данный момент строительные работы активно продолжаются, выполняется прокладка внутренних сетей теплоснабжения, водоснабжения и канализации. Ведется работа по устройству кровли. До конца текущего года подрядная организация обязуется завершить строительство дома, ввести объект в эксплуатацию. Жители нашего района стоящие в очереди на жилье из категории социально- уязвимых слоев населения, так же специалисты государственной службы получат долгожданное жилье.Проблемные вопросы района находятся на постоянном контроле партийцев.


