ОНЛАЙН РЕЖИМДЕГІ АГИТАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ
"Nur Otan" партиясынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Тілеухан Бекболат Қанайұлының, Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлының және Қожахметов Арман Төлешұлының сенімді өкілі М.Т.Малдарбековтың қатысуымен онлайн режимдегі агитациялық кездесу өтті.
Ауыл мәселесі, ауыл шаруашылығының жағдайы жөнінде сөз қозғалған кездесуге, «Жаңаарқа несие серіктестігі» ЖШС, «Атамекен» ҰКП Жаңаарқа аудандық филиалының қызметкерлері, шаруа қожалықтарының жетекшілері мен кәсіпкерлер қатысты.
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауыл халқының тұрмыс-тіршілігі мен ауыл еңбеккерлерін қолдау бағытындағы басымдықтарына тоқталған кандидаттар, осы саланы дамыту жолындағы атқарылуы тиіс жұмыстардың бірқатарына ерекше назар аудару қажет екенін айтты. Олар: ауылдық елді мекендерге жастардың тұрақтауына жағдай жасау, ол үшін ауылдарда жас мамандарға арнап тұрғын үйлер салу; ауыл еңбеккерлерін қолдау, шаруалардың материалдық-техникалық базасын нығайту және өнімдерін қолайлы өткізу механизімін қалыптастыру және тағыда басқалар.
«Ауыл тағдыры-ел тағдыры» деген ұстанымдағы жерлестеріміз Бекболат Қанайұлы мен Аманжол Дүйсенбайұлы "Nur Otan" партиясының халқымыздың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, Ел экономикасын дамыту жолындағы ұсынған сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың орындалатынына сенім білдіре отырып, сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы бойынша сайлау қорының қаражатынан төленді.
