Бүгін "Nur Otan" партиясының Шортанды аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожамсейітов Ә.Ш., аудандық мәслихат депутаты Е. Н. Шахметовпен және Жолымбет округінің әкімі Е. У. Әуезхановпен бірге ЗООМ платформасы арқылы онлайн режимде кездесу өткізді. Бүгінгі таңда қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты Шортанды ауданының тұрғындары арасында жолдарды қардан уақытылы тазарту мәселесі өзекті мәселе болып отыр.
Қазіргі уақытта Шортанды-Жолымбет облыстық маңызы бар жолға "Көкшетау жолдары" қызмет көрсетеді, қазыргі таңда олар облыстық маңызы бар жолды қардан тазарту жұмыстарын жүргізді , бірақ ауа-райының нашарлауына байланысты осы жұмысты қайтадан жүргізу қажет. Ауылішілік жолдарды қардан тазалау бойынша Жолымбет кенті әкімдігімен "Қазақалтын"АҚ-мен меморандум жасалды.
Бұл мәселе ҚКП мен "Nur Otan"партиясының аумақтық филиалы басшылығының тұрақты бақылауында.