ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
Кездесудің негізгі мақсаты - "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру.
Онлайн байланыста партияның Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстыруға ерекше назар аударылды. Өңірде дамитын барлық салалар бойынша жұмыстар айтылып, әрқайсысына нақты тоқталды. Бағдарламада алдағы бесжылдықтың саяси және әлеуметтік-экономикалық күн тәртібі тұжырымдалған. Білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамсыздандыруға, отбасыларды, әйелдерді, жастарды, аға буын адамдарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
"Қараойқұрылыс" ЖШС директоры Аман Қамбаров барлық ұжым атынан партияға қолдау білдіріп, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысуға дайын екенін жеткізді.
