Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ

Бүгін Маңғыстау облыстық NurOtan партиясы мүшелері Мұнайлы ауданының ерекше қажеттілігі бар жандарымен, аудан тұғындарымен кездесті. Айта кету керек, біздің басты міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау.

Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны құруға ерекше назар аударылатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- Мереке күндеріне 5 184 мүмкіндігі шектеулі жандарға жылына 5 кезек әлеуметтік төлем беру, соған қоса 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын балаларға әлеуметтік көмек төлеуге;

- Күнкөріс денгейінен төмен табыстары бар отбасыларға және мұқтаж азаматтарға жылына 1 кезек әлеуметтік көмек көрсету және ай сайынғы тұрғын үй көмегін төлеуге;

- 2023 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 4 әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына 4 пандус орнатуға;

- 2024 жылға дейін ауданда 100 орындық психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған орталық ашу және тиісті мамандармен қамтамасыз етуге;

- 2025 жылға дейін 4 инватакси көліктерін қамтамасыз етуге;

- Мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн-режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;

- Ардагерлерді, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру арқылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

#nurotan #nurotanmangystau #nurotanmunaily #BizBirgemiz

Берик Ахметов

0
0
103

Еще по теме

ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz