Онлайн - кездесу.
Ниязгалиева Аида Кимовнаның сенімді өкілі Тапаева Ләззат Сакеновна білім саласы қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сырым ауданы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы 7 басым бағытты дамытуға арналғандығын атап келе, әлеуметтік саланы дамытудың жолдарына тереңірек тоқталды.
Аудандық білім бөлімі қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері қатысқан шарада мамандар өз ұсыныстарын да білдірді.
Атап кетсек: 1) Мектеп –лицейіне ғимарат салынып, интернат болса орталыққа оқитын оқушылар көбейер еді;
2) Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, практикалық жұмыстардың сапалы да жүйелі өтуі үшін химия кабинетінде реактивтердің болуы, жаратылыстану-математика пәндеріне қажетті басқа да құралдардың қажеттігі ескерілсе;
3) Спорт саласына сапалы құрал-жабдықтар алу жолдарын қарастырса- деген ұсыныстарын жеткізді.
