Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Онлайн кездесу

Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен «Елбасы және Маңғыстау» тақырыбында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге ауданның ардагерлер кеңесінің тұрақты мүшелер Қ. Жұпбанов, А. Тоқтасынов және белсенді жастар қатысты. Шара барысында ардагер Қ. Жұпбанов өзінің еңбек еткен жылдарынан естелік айта отырып, Маңғыстауымыздың өркендеуі, халықтың әл ауқатының жақсаруы туралы айтып өтіп.

Сайын даланы ата-бабамыз ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғағанын, тұғырлы тәуелсіздік жолындағы ерен еңбек иелерін қастерлеуге шақырып, бүгінгідей жарқын бейбітшілік заманда күн кешіп жатқан жастарға тәуелсіздіктің қадірін түсініп, олардың бойында Отансүйгіштік пен патриоттық сезімнің мол болуын тіледі. Жастар ардагерімізге сұрақтарын қойып, жиын соңында ардагер ақсақал жастарға ақ батасын берді

Еще по теме

Онлайн кездесу - Yvision.kz