kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
1

ОНЛАЙН ДИАЛОГ

2020 жылдың 1 сәуір күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Facebook» әлеуметтік желісінде интернет-конференция ұйымдастырылды.

Азаматтардың сұрақтарына БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Рустам Сапарбекұлы Ақмырзаев жауап берді.

Бұл кезеңдегі қоғаммен өзара байланысудың бұл форматы азаматтар тарапынан өзінің белсенділігін көрсетті.

Қойылған сұрақтар ағымдағы кезеңдегі өңірдегі жағдайға, соның ішінде әлеуметтік қамтамасыз ету, жер қатынастары және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауға бағытталды.

Аталған жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.