ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС ЖҮРГІЗДІ
Жиында М.Айдарқұқлов партияның жолдардың сапасын жақсарту бойынша бағытына тоқталды.
Жалпы ауданда республикалық маңызы бар 50,4 шақырым, облыстық маңызы бар 241,9 шақырым, аудандық маңызы бар 109,9 шақырым автомобиль жолдары бар. Елді мекендердің ішкі жолдары 984,2 шақырым. «Nur Otan» партиясы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекеннің ішкі жолдарын жөндеу мәселелерін шешеді. Біздің міндетіміз – 2025 жылға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарын 88,2%-дан (96,9 ш.қ.) 96,4%-ға (105,9 ш.қ.) дейін жеткізу.
2021 жылға аудандық маңызы бар «КХ-11-51 разьезд елді мекеніне кірме жол» автомобиль жолының 2,95 шақырымын күрделі жөндеу және «КХ-55 – Шайхана елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолдарын 0,63 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
2022 жылға А-15 республикалық автомобиль жолынан «Қапланбек» кеден бекетіне дейін ұзындығы 2,3 шақырым болатын жолдардың құрылыс және қайта жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін шешуге; 2023 жылға аудандық маңызы бар «КХ-11-Дарбаза-Тасқұдық-Сарысу», автомобиль жолдарының 8,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын іске асыруға; 2024 жылға аудандық маңызы бар «Дарбаза-Ердәуіт» 4,0 шақырым, «Құрсай елді мекеніне кіреберіс жол» 4,6 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; Жалпы ауылдық округтеріне қарасты елді мекендердегі ішкі көшелерді 2021-2025 жылдары аралығында 251 көшенің 176 шақырымына (Ақжар ауылдық округі, Жылға, Береке, Құрсай ауылдары) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
