Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС ОЙДЫ ЖЕТКІЗУДЕ ОЛҚЫЛЫҚ ЕТПЕЙДІ

Шардаралық «нұротандықтар» сайлау науқанын қарқынды өткізуде. Кандидаттар халықпен түрлі форматта кездесулер ұйымдастырып, үгіт жұмыстарына белсенді кірісуде.

Бүгін жекелеген кандидаттар Шардара қаласындағы кәсіпкерлермен ZOOM платформасы арқылы кездесулер ұйымдастырды. Онлаин байланысқа шыққан кандидаттар кәсіпкерлерді мазалайтын түйінді мәселелерді жазып алып, алдағы уақытта мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді.

–Аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау,-дейді кандидаттар.

Үміткерлер сонымен қатар кәсіпкерлерді ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
101

Еще по теме

ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС ОЙДЫ ЖЕТКІЗУДЕ ОЛҚЫЛЫҚ ЕТПЕЙДІ - Yvision.kz