Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАР ПІКІР АЛМАСТЫ

16.11.2020 жылы ZOOM онлайн платформасында аудандық «Jas Otan» ЖҚ мүшелерінің «Қолжетімді баспана» тақырыбында онлайн дискуссиялық алаңы өткізілді. «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы операторларының бірі — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. «Қолжетімді баспана» тақырыбы бойынша ауыл жастары онлайн дискуссиялық алаңында еркін форматта өз ойларын білдіріп, пікір алмасты. Бұл қолжетімді тұрғын үй бағдарламалары Сізге пәтер немесе үйді ең тиімді шарттармен алуға көмектеседі! Қолжетімді баспананың барлық бағдарламалары:

“Нұрлы жер” – көппәтерлі үйлер құрылысы мен жеке тұрғын үй құрылысын дамыту аясында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарлама.

“Әскери өнім” – тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалана отырып, әскери қызметкерлерге жеңілдігі бар несие беру бағдарламасы. Бақытты Отбасы – қатысушылары тұрғын үй сатып алу үшін теңдессіз төмен мөлшерлемеде заем ала алатын, көпбалалы, толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған бағдарлама. Бастапқы жарнаны Сіз тұратын аймақтың әкімдігі берген тұрғын үй сертификаты есебінен өтеуге болады, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санатын әкімдік анықтайды.

“Өз үйім” – бұл жаңа салынған үйден пәтерді нарық құнынан төмен бағада беруге бағытталған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеке бағдарламасы.

0
0
174

Еще по теме

«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАР ПІКІР АЛМАСТЫ - Yvision.kz