Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОКРУГ ӘКІМДІГІНЕ КАНДИДАТТАР ҰСЫНЫЛДЫ

14 мамыр күні С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында аудан әкімінің төрағалығымен, қауымдастық мүшелерінің қатысуымен Казталов ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну мәселесі бойынша жиын өтті. Жиында аудан әкімі Альберт Есалиев қауымдастыққа 4 азаматты ұсынды. Олар: аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ернар Ғалымовтың, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысының орынбасары Сағат Нұрмұхамбетов, Спорт мектебінің басшысы Руслан Шәріпқалиев.

Сонымен қатар еңбек ардагері Уалиолла Әбішев өз тарапынан Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Әлия Жақсыбаеваның кандидатурасын ұсынғанымен, қауымдастық мүшелерінің қолдауына ие болмауы себепті тізімге қосылмады. Ұсынылған азаматтар қауымдастық мүшелерінің қолдауына ие болғанымен, шешім мәслихат депутаттарының еншісінде.

0
0
266

Еще по теме

ОКРУГ ӘКІМДІГІНЕ КАНДИДАТТАР ҰСЫНЫЛДЫ - Yvision.kz