ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
2 тамыз күні аудан әкімдігінің үлкен залында, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашевтің төрағалығымен селекторлық кеңес оздырылды. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері (ZOOM платформасы арқылы) және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында 25 шілде күні халық сайлауы нәтижесінде басым дауысқа ие болған Казталов, Көктерек, Жаңажол, Бостандық ауылдық округтерінің әкімдері және аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы таныстырылды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып Жадыра Болатқызы Сүндетова тағайындалды.
Селекторлық кеңесте аумақтарды дамыту бағдарламасындағы көрсеткіштердің жыл аяғына дейін орындалуына талдау, 2021 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық санағын өткізу дайындығы туралы, мал азығының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар, «Еңбек» бағдарламасының орындалуы төмен бағыттары туралы мәселелер қаралды. Кеңес санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.




