общественный совет
2015 жылдың 29 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында төмендегі сұрақтар қаралды:
1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің азаматтық қоғамымен және БАҚ-мен әрекеттесу туралы.
2. Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы.
Шараға кеңес мүшелерінен басқа БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ж.Ихсанова, «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы А.Салиева, «Әділет» құқықтық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Бисенғалиев, «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Искалиева, «Аспандау» ғылыми-білім қоры» корпоративтік қорының Батыс аймақтық филиалының директоры Е.Ерғалиев, М.Б.Ықсанов атындағы қоғамдық қорының басшысы А.Атаев және бұқаралық ақпарат құралдары қатынасты.
Күн тәртібіне сәйкес, Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш, Батыс Қазақстан облысының «Заман» өндірушілер қауымдастығының төрайымы А.Туркина баяндама жасады.
Кеңес отырысында күн тәртібіндегі сұрақтар қызу талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды. Кеңес қорытындысы бойынша шешім қабылданып, үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл Жоспарына қол қойылды.

