общественный совет
2015 жылыдың 22 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменттің жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілді.
Қоғамдық кеңес отырысының негізгі себебі Департаментпен Агенттіктің тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілген Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тапсырысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында өткізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы ақпаратын тексеру қорытындылары болды.
Бекітілген күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша сөз алған департаменттің бөлім басшысы – Жақсат Мұратовпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тапсырмасы бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі туралы баяндама жасалып, кеңес мүшелерімен қаперге алынды.
Аталған ақпаратқа сәйкес Орал қаласының жер қатынастар бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімді жағдайлар жасамау, көрсетілген мемлекеттік қызметтің мерзімдері сақталмауы орын алған. Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында мемлекеттік қызмет стандартында көзделмеген құжаттар қабылдау және стандартта көрсетілген құжаттарды қабылдамай қызмет көрсету фактілері белгілі болды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Қоғамдық кеңес Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы Алия Арыстанованың және Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Дәулетжановтың түсіндірмелерін тындап, оны талқылау нәтижесі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет заңнамасын қатаң сақтау және заңбұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғалардың тәртіптік мәселесін қарау қажеттілігі туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тапсырысы бойынша өткізілген қоғамдық мониторинг нәтижелерінде көрсетілген мәселелері талқыланды. Осы ақпаратқа сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті, Батыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері кеңес отырысына шақырылып, олардың түсіндірмелері талқыланды.
Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнамасын сақтау және осы саладағы бұзушылықтардың алдын алу мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін жетілдіру бағытында нақты ұсыныстар берілді.

