Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОБЛЫСТЫҚ МƏСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМIТКЕРЛЕР БУМАКӨЛ АУЫЛЫНДА

партияның облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар, штаб мүшелері және олардың сенімді өкілдері Бумакөл ауылында болып тұрғындармен кездесті.

Алғаш болып сөз алған Исатай Сатимов «Nur Otan» партиясының білім саласы бойынша етене тоқталып, пандемия кезінде әсіресе ауыл мектептерінде көптеген қиыншылықтардың болғанын, алдағы уақытта сол олқылықтарды болдырмай нақты жұмыстар жүретінін айтты. Білім саласы бойынша партияның алға қойған жаңа технологияларды еңгізу, мектеп пен балабақшаларда бейне бақылауларды күшейтіп жарықтандыру, интернет желісінің толықтай қолжетімді болуын партия өз міндетіне алатындығын айта келіп, Бұл шаралар 150 мың оқушы мен 18 мың мұғалім үшін қолайлы болатынын жеткізді.

Айнұр Мукангалиева болса, паритияның облысты дамытудағы 7 басым бағытына тоқталды. Экономикалық тұрақты аймақ, жайлы аймақ, әлеуметтік тұрақталған аймақ, бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ, ашық және есеп беретін жергілікті органдары бар аймақ және қауіпсіз аймақ екендігін жекелей атады.Жеті бағытты атай отырып, 2020-2021 жылдары жұмыспен қамтудың жол картасы аясында елді мекендерді абаттандыру бойынша 174 жобаны іске асырып, 8 мыңнан астам жұмыс орынын құру жоспарда бар екендігін айтты.

Ал Исатай Карабаев өз сөз кезегінде тұрғын үй алу, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыра отырып, биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ауданда 1013 пәтер берілді, алдағы жылы мұны партия 24,5 шаршы метрге дейін жеткізуді мақсат етіп отырғандығын тілге тиек етті. Осындай игі бастамаларды пайдалана алу үшін алдымен әр тұлғада мықты денсаулық болу керек деді кандидат. Денсаулық мықты болған жағдайда біз осы игі шаралардың игілігін көре аламыз. Сондықтан мен де партияға үміткер ретінде өзім атқарып жатқан қызметім бойынша, барлығыңызды салауатты өмірді қалыптастыруға шақырамын, себебі дені сау ұрпақ, елдің болашағы деп сөзін түйіндеді.

Руслан Азаматов бай тарихы мен мәдениеті бар аймақта өмір сүріп жатырмыз. Әр ұлттық құндылығымызды дәріптеу, әрбіріміздің міндетіміз. Партия алдағы уақытта туристік аймақтар мен киелі жерлерді 3D картасына енгізуге ықпал жасайтындығын айтып, ауыл тұрғындарын бірлесе осы істерді атқаруға шақырды.

Тілек Шектібаевтың сенімді өкілдері де сөз алып, жекелей атқарған істерін, республика көлеміне дейін ел үшін жасаған істеріне алған марапаттауларын атап өтіп, алдағы уақытта да партия құрамында болған жағдайда ел мүддесі үшін аянып қалмайтындығын жеткізді.

Тұрғындар тарпынан медицина бағыты бойынша "алдағы уақытта күндізгі стационар бөлімі болса, аудан орталығына бармай-ақ, ем алуға жағдай жасалса" деген сұрақ қойылды. 604 тұрғыны бар Бумакөл ауылында тұрғындар саны сәйкес келмейтіндіктен ондай мүмкіндіктің болмайтындығы жауап ретінде айтылды.

1
0
246

Еще по теме