ОБЛЫСТЫҚ МƏСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМIТКЕРЛЕР БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Батыс Қазақстан облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер білім саласы қызметкерлерімен кездесу жасады. Үміткер Анвар Агаев бірінші болып сөз алып партияның бағдарламасымен таныстыра келіп,ауданның партия көрсеткен 7 көрсеткішіне тоқталды. Жол мәселесіне айрықша тоқталып алдағы уақытта 800 км автожолдардың сапалы түрде жасалатындығын жеткізсе, Исатай Сатимов Білім саласы бойынша партияның алға қойған жаңа технологияларды еңгізу, мектеп пен балабақшаларда бейне бақылауларды күшейтіп жарықтандыру, интернет желісінің толықтай қолжетімді болуын партия өз міндетіне алатындығын айта келіп, Бұл шаралар 150 мың оқушы мен 18 мың мұғалім үшін қолайлы болатынын жеткізді.
Алдағы бес жылда партияның жеке назары ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен жаппай айналысуға тартуға бөлінетін болады.
Біз спорттық инфрақұрылымға қол жетімділікті қамтамасыз ету міндетін қойдық.
Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 44% - дан 52% - ға дейін жақсарту міндетін қойдық.
Азаматтардың әлеуметтік әл – ауқаты-өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.
Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсартатын боламыз.
Жастар-біздің болашағымыз. Жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс.
Облыс бойынша 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі (оқымайтын және жұмыс істемейтін жастардың үлесі) 2,7% – ды құрайды-республика бойынша ең төменгі көрсеткіш.
Облыста жастардың бос уақытын ұйымдастыруға, патриоттық тәрбиеге, рухани-адамгершілік, азаматтық-құқықтық және дене шынықтыру деңгейін арттыруға бағытталған 14 коворкинг орталығы жұмыс істейді.
«Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді
Кездесу соңында "осындай игі бастамаларды басшылыққа алған партияға барлығымыз қолдап, дауыс берейік",-деді.
Қатысушыларда мақсат еткен бірқатар істердің оң шешім табатынына сенім білдіріп,сәттілік тіледі.
