ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
«Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық мәслихатына ұсынылған Өмірзақ Мелдеханов пен Садулла Қалыбеков партияның Мақтаарал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке және қоғамдық мәселелерімен қабылдады.
Ауданға қарасты кенттер мен ауылдық округтерден түрлі әлеуметтік, отбасылық және құқықтық мәселелері бойынша келген азаматтардың сұрақтарымен танысқан қос үміткер қолбайлау болып отырған жағдаяттармен жіті танысты. Қоғамдық қабылдауда тұрғындар тұрғын үй, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, елді мекендердегі газдандыру мәселелерін көтеріп, мамандығы бойыншы тұрақты жұмысқа орналасуға көмек сұрағандар болды.
Сонымен қатар, аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерде интернет байланысын жақсарту жайындағы өтініштер де айтылды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша тиісті органдарға сұрау салынып, орындалуы партиялық бақылауға алынатын болды.
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
