Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Об итогах выборов

«НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Қатысушылар Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауының қорытындыларын талқылап, болашаққа қойылған міндеттерді белгіледі.

«Бүгін біз елімізде сайлаудың жақсы деңгейде өткенін мақтанышпен айта аламыз. Ашықтық толығымен қамтамасыз етілді. Қазақстандықтар өз кезегінде көпшілік дауыспен «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетті. Еліміздің, өңіріміздің тұрғындары партияның тұрақты түрде жүргізіліп жатқан нақты жұмысын көрді, ал партиялық бағдарламалар өз нәтижелерін берді. Біз қазір де партияның жаңа бағдарламасы тоқтап қалмай, жаңа нақты міндеттер мен мақсаттар қоятынын көріп отырмыз», – деді Б.Максилова.

Кездесуге қатысушылар мәдени және рухани даму, сондай-ақ достық этносаралық қатынастарды сақтау мәселелеріне арналған партиялық бағдарлама тармақтарының біріне ерекше назар аударды.

Мысалы, «Nur Otan» партиясы Қазақстанның мәдениеті мен тарихын дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл мәдени мұраны насихаттау, этномәдени және діни бірлестіктердің қызметіне қолдау көрсету және т.б. жұмыстар.

Бұдан басқа, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру бойынша жұмыс жалғасады.

__________

Председатель ОО «НҰР-АНА әлемі» Бакытжамал Максилова встретилась с представителями этнокультурных объединений. Участники обсудили итоги выборов в Мажилис Парламента и маслихаты , а также обозначили задачи на будущее.

«Сегодня мы с гордостью можем отметить, что выборы в нашей стране прошли на хорошем уровне. Была обеспечена полная прозрачность. Казахстанцы в свою очередь большинством голосов поддержали партию «Nur Otan». Как мне кажется, эта победа волне закономерна. Жители нашей страны, нашего региона видели конкретную работу партии, которая проводилась регулярно, а партийные программы приносили свой результаты. Мы и сейчас видим, что новая программа партии не останавливается на месте, а ставит новые конкретные задачи и конкретные цели», – сказала Б. Максилова.

0
0
124

Еще по теме

Об итогах выборов - Yvision.kz