ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ӨЗ ЖҰМЫСЫНА КІРІСТІ
Бүгін Орал қалалық қоғамдық штабының ашылу презентациясы өтті. 20 адамнан тұратын штаб құрамында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, білім беру, мәдениет қызметкерлері, бизнес - қоғамдастық өкілдері, жастар ұйымдары көшбасшылары кірді.
Штабтың ашылуында штаб жетекші И.Құрмашев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арыстанбеков, қоғам белсендісі Қ.Лемесов, білім саласының қызметкері Ф.Мұхатов, депутаттық копустан Р.Құрманғазиев, жастар ұйымдары атынан Ж.Төлешевтер сөз сөйлеп, алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталды.
Алдағы жұмыс жоспары пысықталып, пікір алмасылды.
#Toqaev2022
