ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АҚБҰЛАҚТАҒЫ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенім білдірген үгіт-насихат тобының мүшелері А.Қабылбеков, Ә.Байназар, С. Темірбаев, Б.Батаев, Б. Айтбаев, Г. Ирискельдиев Ақбұлақ ауылындағы Құрмантаев орта мектебінің ұжымымен кездесіп, ел дамуының барлық саласын қамтитын стратегиялық бағыттарды айқындаған сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
✓Аталмыш жиынға Сайрам аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар қатысып, Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы «Біз педагог мәртебесін көтеруге арналған жұмысты жалғастыра береміз. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады. Олар өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстың бәрінен босатылады. Ұстаз атты ардақты ұғым жоғары мәртебе мен биік парасаттың синониміне айналады»,- деген жолдарды келтірді.
✓Өздеріңізге белгілі ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат науқанын бастаған болатын. Осыған орай, бүгінгі жиында сіздермен сұхбаттасып, еркін пікір алаңында алдағы елімізде болатын және болып жатқан саяси реформалар төңірегінде сөз қозғауды жөн көрдік. Сондай-ақ, сіздерге Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы бірнеше бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көкейлеріңізде жүрген сауалдарға жауап беруге келдік, - деді Амангелді Қабылбеков.
✓Аталған еркін пікір алаңында сайлауалды бағдарлама бойынша жөні түзу пікірлер айтылып, жиынға қатысушылар орамды ойларын ортаға салды. Әсіресе, Мемлекет басшысының педагогтар мәртебесін көтеру туралы бастамалыр кеңінен талқыланды.
✓Жиын қорытындысы бойынша үгіт-насихат тобының мүшелері алдағы сайлауға белсене қатысып, Әділетті Қазақстанды құруға аянбай еңбек етуге шақырды.
#TOQAEV2022
