Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ҚЫЗМЕТІ

2021 жылдың сәуір айында аудандық партия филиалы жанында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының бағыттарының орындалуын бақылауда ұстайтын 8 қоғамдық кеңес құрылды.

1. Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес, төрағасы С.Идиятов;

2. Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес, төрағасы А.Бөкенбаев;

3. Ұлт денсаулығын дамыту, білім және ғылым жөніндегі кеңес, төрайымы Э.Утепбергенова;

4. Экологиялық кеңес, төрағасы Н.Сунцов;

5. Аудандық партиялық бақылау комиссиясы, төрағасы Ә.Нұрғалиев;

6. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес, төрайымы Ш.Какижанова;

7. Жастарды қолддау жөніндегі қоғамдық кеңес, төрайымы Н.Аткеева

8. Халықтың осал әлеуметтік топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қолдау жөніндегі кеңес, төрағасы Ә.Орынбасаров.

Мамыр айында «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы жанындағы барлық Қоғамдық кеңестердің отырысы бекітілген жоспарға сәйкес онлайн форматында өтті. Кеңеске аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев, қоғамдық кеңестердің мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері қатысып, ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Кеңес отырыстарында 2021 жылға жоспарланған шаралардың уақытылы орындалуы және өзекті мәселелерді шешу бағытында ұсыныстар айтылды. Құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларындағы жобалардың конкурстық іс-шаралардың заң талаптарына сәйкес өткізілуі басты назарда болатындығы ескерілді.

0
0
214

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ҚЫЗМЕТІ - Yvision.kz