ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық Кеңестер санитарлық талаптарды сақтай отырып офлайн-форматта «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның қатысуымен өтті. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер «Жастар ісі жөніндегі» (төрайымы Г.Бирниязова) және «Аграрлық секторды дамыту жөніндегі» (төрағасы С.Аманбаев аудандық маслихат депутаты) кеңестерде қаралды. 2021 жылға жоспарланған шаралардың уақытылы орындалуы және өзекті мәселелерді шешу бағытында ұсыныстар айтылды.
