Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық Кеңестер санитарлық талаптарды сақтай отырып офлайн және онлайн-форматта «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева және аудандық маслихат хатшысы Ж. Бисенгалиеваның қатысуымен өтті. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер «Экология жөніндегі» (төрағасы облыстық саяси кеңесінің мүшесі Фролов В.В) және «Өңірлік даму жөніндегі» (төрағасы аудандық маслихат депутаты Мусенов Н.Д) кеңестерде қаралды. 2021 жылға жоспарланған шаралардың уақытылы орындалуы және өзекті мәселелерді шешу бағытында ұсыныстар айтылды.

1
0
153

Еще по теме