ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.
Бүгін онлайн форматта «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өткізілді. Отырысты «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Кадимов Тахир Зинурұлы ашып, жүргізді. Күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Ұзынкөл және Күйгенкөл ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы. Отырыс барысында комиссия мүшелері мен қатысушылар тарапынан жұмыспен қамту мәселелеріне байланысты ұсыныстар болып, болашақта жұмыс барысында ескерілу керектігі айтылды. Сонымен қатар, отырыста Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясында» айқындалған міндеттер талқыланып, оларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдылық бөлімше басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
