Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.

Жұмыс жоспарға «AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалы жанындағы «Әлеуметтік мәселелері жөніндегі» Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, отырыста ауданның білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік жүмыстарын және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Отырыста аудандық білім беру бөлімінің бас маманы А.Испенбетова атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Қоғамдық кеңес төрағасы Берік Ихсанов және отырысқа қатынасқан кеңес және «AMANAT» партиясының мүшелері бұл жұмыстарды жүйелі түрде және толық көлемде жүргізу қажеттілігіне тоқталып, аталған жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша тиісті шаралар қабылдануы тиіс екендігін баса айтты.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының Партиялық бақылау шаралары шеңберінде Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихаттың депутттары арнайы жазғы лагерьде болып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарымен танысты.

0
0
226

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ. - Yvision.kz