Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы Жастарды қолдау бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысының төрағасы Құрманғазиев Райымбек Валиханұлы -іс сапарда болуына байланысты қоғамдық кеңесті Құрмашев Исатай Рахметоллаұлы - Бөкей ордасы аудандық филиалы атқарушы хатшысы жүргізеді. Қенес мүшелері: Нәбигалиев Мұратхан Мұхитұлы, Утегалиев Бекзат Ержанұлы, Өтеғалиев Нұрбол Ерболатұлы мүшелері Zoom қосымшасы арқылы қатысты.

Шақырылды: Елемесов Қуаныш Елеуұлы - аудандық мұрағат басшысы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, Айтқалиев Ержан Жексенұлы – аудандық маслихат аппаратының басшысы.

Жастарды қолдау мәселелері бойынша қоғамдық кеңесі отырысына төмендегідей 3 мәселе қаралды.

1. Аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектептебінің атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары тыңдалды. Хабарламашы: Бөкей ордасы ауданының балалар – жасөспірімдер спорт мектептебінің басшысы – Мендешев Армат Ермекұлы.

2. Аудандық саз мектебінің атқарған жұмыстарымен алдағы жоспарлары тыңдалды .Хабарламашы: Бөкей ордасы аудандық саз мектебінің басшысының міндетін уақытша атқарушысы - Тлепова Айзада Ерхауқызы.

3. Аудандық балалар туризмі орталығының атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары тыңдалды. Хабарламашы: Аудандық балалар туризмі орталығының басшысының міндетін атқарушысы- Сариев Нұржан Ертайұлы.

Қоғамдық кеңесі отырысының қаулысы бекітіліп, хаттамалық тапсырмалар берілді.

0
0
195

Еще по теме