Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы Әлеуметтік мәселелер бағытындағы қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Отырысты кеңес төрайымы Мұхамжарова Мәншүк Жүсіпқалиқызы интернет желісінің болмауына байланысты жүргізе алмағандықтан, кеңесті «AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиал атқарушы хатшысы Құрмашев Исатай Рахметоллаұлы жүргізді. Кеңес мүшелері: Бисекенова Гүлжан Исағалиқызы, Мұхатов Фархат Хайроллаұлы.

Шақырылды: "Атамекен" ҰКП аудандық филиал директоры Жұмағұлова Бибігүл Мұқасқызы, Елемесов Қуаныш Елеуұлы, Айтқалиев Ержан Жексенұлы қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі 2 мәселе ұсынылады:

1.Бөкей ордасы колледжінің білім беру саласындағы атқарған жұмыстары туралы. Хабарламашы: Бөкей ордасы колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таңатов Фархат Мұзаппарұлы.

2.Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің білім беру саласындағы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары. Хабарламашы: Бөкей ордасы аудандық білім беру бөліміінің басшысы Насимуллин Бисембек Жамбылұлы.

Қоғамдық кеңесі отырысының қаулысы бекітіліп, хаттамалық тапсырмалар берілді.

0
0
229

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ. - Yvision.kz